Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматының жедел қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, пәтер ұрлығымен айналысып жүрген күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, екі қаскөй қаладағы тұрғын ауданда әрекет еткен. Арнайы операция арнайы жасақтың қолдауымен өткізілді.
- Қылмыскерлер қылмыс орнында ұсталды. Ұсталғанға дейін олар 6-ықшам аудандағы бір пәтерге терезені сындырып кіріп, алтын бұйымдар мен басқа да мүлікті ұрлап кеткен, – деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетерлігі, екі күдікті де бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған.
- Олардың бірі – Ақмола облысының тұрғыны, екіншісі Солтүстік Қазақстан тұрғыны. Біздің мәліметіміз бойынша, бұл дуэт кем дегенде тоғыз ұрлыққа қатысы бар. Олар негізінен қаладағы Әуезов, Медеу және Бостандық аудандарында ұрлық жасаған, – деді Алматы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.
Қаскөйлер қамауға алынып, айғақ заттар тәркіленді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат таратылмайды.