Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еңбек министрі жазғы демалыста оқушылар мен студенттерге жұмыс табудың жолдарын айтты
Жаңалықтар

Еңбек министрі жазғы демалыста оқушылар мен студенттерге жұмыс табудың жолдарын айтты

20.05.2025
1 мин
0
951
Сурет: Freepik

Жаз мезгілінде Қазақстанда мектеп оқушылары мен студенттерге арналған тегін оқу курстары ұйымдастырылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі заңнамаға сәйкес, жұмыс істеуге рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы оқушылардың саны 1 млн 488,6 мың адамды құрайды. Олардың ішінде 26,5 мыңы — мүмкіндігі шектеулі балалар.

Жұмыс істеуге құқылы оқушылар ең көп тіркелген өңірлер – Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары және Алматы қаласы.

Министрліктің ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерге сәйкес, бүгінде 24,3 мың мектеп жасындағы бала жұмысқа орналасқан. Олар негізінен сауда және қоғамдық тамақтану салаларында еңбек етуде.

Светлана Жақыпованың айтуынша, жазғы демалыс кезінде студенттерді жұмыспен қамту үшін мынадай шаралар қолға алынбақ: Электрондық еңбек биржасы арқылы бос жұмыс орындарын таңдау, онлайн оқыту, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және кәсіптік бағдар беру.

Министр сондай-ақ enbek.kz сайтында арнайы “Менің жазғы демалысым” атты бөлім ашылғанын атап өтті. Бұл бөлім арқылы 14 жастан асқан оқушылар мен студенттер платформаға тіркеліп, жеке кабинет ашып, түйіндеме орналастырып, өз бетімен жұмыс іздей алады. Ал 16 жасқа дейінгі оқушыларды жүйеге заңды өкілдері (ата-аналары немесе қамқоршылары) тіркей алады.

Бұл платформа жасөспірімдерге алғашқы кәсіби тәжірибе жинауға, цифрлық жұмысқа орналасу құралдарын меңгеруге және қауіпсіз жұмыс іздеу дағдыларын үйренуге көмектеседі. Сонымен қатар, еңбек дағдыларын дамытуға да мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Skills.Enbek онлайн платформасы мектеп оқушыларына әртүрлі бағыттар бойынша жаңа дағдыларды игеруге немесе бұрыннан бар қабілеттерін дамытуға арналған тегін және ақылы курстар ұсынады. Қазіргі таңда бұл платформада 1 200-ден астам курс бар, оның 322-сі — тегін, ал 137 курс қазақ тілінде қолжетімді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл