| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда теракт дайындаған шетелдік азаматтар ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті террорлық әрекет ұйымдастыруды жоспарлаған бес шетелдік азаматты құрықтады. Арнайы операция нәтижесінде олардың қылмыстық әрекеттерінің алдын алу мүмкін болды. Қазір күдіктілер қамауға алынып, тергеу шаралары жүргізілуде.
Ведомствоның хабарлауынша, қыркүйек-қазан айларында терроризм идеясын насихаттағаны үшін сегіз қазақстандық ұсталған. Сондай-ақ, сот шешімімен алты адам экстремистік және террористік әрекеттері үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Жыл басынан бері осындай қылмыстарға байланысты 89 адам жауапқа тартылды. Олардың арасында алты шетел азаматы бар.