Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда тағы бір көлік жуу орны сүрілді
Жаңалықтар

Алматыда тағы бір көлік жуу орны сүрілді

06.08.2025
1 мин
0
290
Сурет: Алматы әкімдігі

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Ахмедияров көшесі, 18/58 мекенжайындағы көлік жуу және сервис орталығының сүрілгені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жоспардан тыс тексеріс барысында жобалық-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, бұрынғы ғимаратты бұзып, екі бірқабатты ғимараттың салынып, олар көлік жуу және май ауыстыру бекеті ретінде пайдаланылып жатқаны анықталды.

Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, ғимараттарды бұзу туралы нұсқама берілді.

2024 жылы 16 қаңтарда басқарма Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз берді.

Сот басқарманың талабын қанағаттандырып, 2024 жылы 20 маусымда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатылы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Бүгінде сот шешімін орындау мақсатында заңсыз салынған ғимараттарды иесі өзі бұзып тастады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл