Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда үнді штамын растау қызметіне 8 миллион теңге жұмсалады
Жаңалықтар

Алматыда үнді штамын растау қызметіне 8 миллион теңге жұмсалады

24.06.2021
1 мин
1
1316

Алматыда үнді штамын растау қызметіне сегіз миллион теңге жұмсалады. Қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин геномды таратып жазу бойынша жұмыстың бағасы осынша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда скрининг кезінде оң нәтиже көрсеткен ПТР-сынамаларының бірінде үнді штамы болуы мүмкін екені анықталды. Деректерді растау үшін сынама секвенирлеуге, яғни нуклеин қышқылдарының тізбегін анықтауға жіберілді.

"Біз секвенирлеуді өте қымбат зерттеу түрімен жасаймыз. Мен секвенатордың 48 сағаттық жұмысына барлық реактив, сынама және басқалары жұмсалатынын айтқанмын. Оның жұмысы сегіз миллион теңгеге бағаланады. Sequens кесу үшін жасалады, қазір біз штамды ПТР скринингімен анықтадық, ал дәлірек ақпарат алу үшін секвенирлеуді жүргізу керек. Ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамдар да сәуірде осымен расталған. Бұл штамм (үнді) Алматы мен Нұр-Сұлтанда алғаш рет анықталып отыр, оны растау үшін секвенирлеу жүргізу қажет. Біз, сондай-ақ, алғаш рет табылған "Нью-Йорк" штамын секвенирлеуге жібердік", - деді Бекшин.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда да дельта штамдары табылды. Сынамалар секвенирлеуге жіберілді. 54 сынаманың 30-ында үнді штамы болуы мүмкін екені анықталды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл