Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда ірі есірткі зертханасы жабылды. Полиция қызметкерлері үйін жылыжайға айналдырып, қарасора өсірген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Есірткі зертханасы Әуезов ауданының жеке секторында табылған. Криминалдық полиция және есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оны арнайы іс-шара барысында анықтады.
Қылмыстық іс-әрекетті ұйымдастырған 36 жастағы ер адам ұсталды. Атап айтқанда, жылыжай қызметін атқарған үйден 270 түп қарасора, 3 бөшке иісі бар сұйықтық, 3 қап тыңайтқыш, 17 қышқыл ерітіндісі, тамақ таразысы, 23 жарықтандыру шамы және т.б. зертханалық құрал-жабдықтар табылды. “Технолог” қылмыстық әрекетін мойындады. Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері есірткіні өндіруге қатысы болуы мүмкін басқа да адамдарды, сондай-ақ оны тарату арнасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр.