Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
8 ақпан сағат 02:20-да Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Тау-Самал шағынауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай болды. Аталған аумақта лай көшкіні жүріп, 4 адам іздестіріліп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Үйдің ішінде болған төрт адамның екеуі – бала екені мәлім. Құтқарушылар ер адамның денесін тапты. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір тазарту, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнында құтқарушылар, «Қазселденқорғау» қызметкерлері, Алматы қаласының «109 құтқару қызметі», республикалық жедел-құтқару жасағы және өзге де мамандар істеп жатыр. 200-ге жуық адам, 30 техника жұмылдырылғаны хабарланған болатын.
Топырақтың лайлануы салдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкен жерге қала әкімі Ерболат Досаев келді.
«Негізгі басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Үйде болған адамдарды іздеу бойынша жұмылдырылған топтың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет», деді Ерболат Досаев.
Әкімнің тапсырмасы бойынша оқиғаның себептерін анықтау және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.