Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыдағы тіс емханаларында балаларға арналған ашық есік күндері басталды
Жаңалықтар

Алматыдағы тіс емханаларында балаларға арналған ашық есік күндері басталды

01.06.2022
1 мин
0
1662

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балаларға күлкі сыйла» деп аталатын іс-шара басталды. Маусымның 16-сына дейін жалғасатын акция барысында 18 жасқа дейінгі балалар стоматологиялық қызметтерді тегін пайдалана алады.

Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының мұрындық болуымен қолға алынған акцияға Қор базасындағы жеке меншік стоматологиялық клиникалар қатысып жатыр, деп хабарлайды ӘМСҚ баспасөз қызметі.

«Бұл балаларға демалыс кезінде тістерін емдетіп алуға мүмкіндік беретін тамаша акция. Шара тістің шіруіне жол бермей, уақтылы емдеу мәселесіне балалар мен ата-аналардың назарын аудару мақсатында өткізіліп отыр», -  дейді «Алматы қаласының балалар стоматологиялық клиникасы» ЖШС директоры Төретай Рузуддинов.

Ашық есік күндерінің кестесі:

«Алматы қ. балалар стоматологиялық клиникасы» ЖШС – 1 маусым

«BayanSulu Clinic» ЖШС – 2 маусым

«Таугүл-дент» ЖШС – 3 маусым

«VITA DENTAL CLINIC («Облыстық балалар стоматологиялық емханасы» ЖШС) – 4 маусым

«Dr.Bibi Clinic» ЖШС – 6 маусым

«Алматы қ. орталық стоматологиялық емханасы» ЖШС – 7 маусым

«Әлеуметтік балалар стоматологиясы» ЖШС – 8 маусым

«Khan Stom» ЖШС – 10 маусым

МСҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Жанар Кенжебаеваның айтуынша, бұл клиникалар балаларға сақтандыру есебінен жоспарлы стоматологиялық көмек түрлерін де көрсетеді.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек тегін көрсетіледі. Олардың арасында тісті жансыздандыру, химиялық пломба салу, терапевтің қабылдауы, пульпит пен перидонтитті емдеу, флюороз, гипоплазия кезінде тістің анатомиялық пішінін толық қалпына келтіру, тісті хирургиялық жолмен жұлу т.б. қызметтер кіреді», - деп атап өтті Жанар Кенжебаева.



 

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2527 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл