491.29
562.92
6.1
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі жаңа жұмыс кестесіне көшті
Жаңалықтар

Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі жаңа жұмыс кестесіне көшті

12.03.2026
мин
0
66
Сурет: Алматы әкімдігі

Наурыз айынан бастап Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі келушілер үшін жаңа жұмыс кестесін енгізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Енді музей сейсенбіден жексенбіге дейін 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді.
Дүйсенбі – санитарлық күн.

Жаңартылған жұмыс кестесі қала тұрғындары мен қонақтарына музейге кешкі уақытта және өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта келуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, музей 1981 жылы құрылған. Музей қорында қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен қатар әлемнің 50-ден астам елінің музыкалық мәдениетін танытатын бірегей жәдігерлер сақталған.

Қазіргі уақытта музейде 9 экспозициялық зал жұмыс істейді. Экспозицияда желбуаз, адырна, тұяқтас сияқты сирек кездесетін қазақ музыкалық аспаптары, сондай-ақ кең таралған домбыра, қобыз, сыбызғы көрсетілген.

Айта кетейік, бұған дейін музей сейсенбіден жексенбіге дейін 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейтін.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі Зенков көшесі, 24а мекенжайында орналасқан.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл