Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматылық мейірбикелер халықаралық рейсте жолаушының өмірін сақтап қалды
Жаңалықтар

Алматылық мейірбикелер халықаралық рейсте жолаушының өмірін сақтап қалды

02.09.2025
1 мин
0
327
Сурет: ашық дереккөз

Алматыдан келген мейірбикелер халықаралық рейс кезінде жолаушының өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2025 жылғы 17 тамызда Алматыдан Қазанға бағыт алған әуе рейсінде жолаушының жағдайы күрт нашарлап, ол есінен танып қалды. Ер адамның артериялық қысымы 70/30 мм сын. бағ. дейін төмендеп, тамыры әрең сезілді.

Осы сәтте көмекке Қазан қаласынан келген ультрадыбыстық диагностика дәрігері Наиля Ровкач және Алматы онкологиялық орталығының мейірбикелері — Алтынай Туржановна Картабаева мен Айдильда Сұлтанбекқызы Қонақбаева келді.

Ұшақтың шектеулі жағдайына қарамастан, медициналық бригада дереу инфузиялық терапия жүргізіп, үйлесімді жұмыс көрсетті.

- Мейірбикелердің кәсібилігі мен дәлдігі мені таң қалдырды. Біз көптен бері бір командада жұмыс істеп жүргендей әрекет еттік, – деді Наиля Ровкач.

Көрсетілген жедел көмектің арқасында жолаушы есін жиып, ұшақ шұғыл қонған соң медициналық мекемеге жеткізілді. Ерекше жайт – дәл сол күні науқастың туған күні болған.

Қазандық дәрігер әріптестеріне хат жолдап, алматылық мамандардың жоғары кәсіби дайындығына алғыс білдірді. Оның айтуынша, мұндай кадрларға иелік ету – нағыз бақыт.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл