Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматылық оқушыға әлемдегі үздік университеттерінің қатарындағы Чикаго Университеті толық оқу грантын ұсынып отыр
Жаңалықтар

Алматылық оқушыға әлемдегі үздік университеттерінің қатарындағы Чикаго Университеті толық оқу грантын ұсынып отыр

22.01.2024
1 мин
0
332
Фото: НЗМ

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-тің 12 «В» оқушысы Ильяс Муслимхановқа  Америка Құрама штатындағы Чикаго университеті толық оқу грантын ұсынып отыр. 

​1890 жылы қаланған Чикаго Университеті әлемдегі ең жетік ЖОО-ның бірі болып табылады. Университет QS 2024 рейтінгісі бойынша әлемде 11 орында тұрса, АҚШ-та  үздік бестікке кіреді. Оқу орнының тарихында профессорлары мен түлектері жалпы 99 Нобель сыйлығын ұтып алған. Олардың 16-сы экономикасаласынан, бұл әлемдегі ең үлкен көрсеткіш. Сонымен қатар, университет «құқық», «саяси ғылым», «социологиямен физика» салаларын оқытуда алдыңғы қатарда тұр. Бұл жерге жыл сайын әр 100 үміткердің тек 6 қабылданады.  

«Мен бұл оқу орнын ең алдымен оның ерекше Core Curriculum оқу бағдарламасы үшін таңдадым. Студенттер университетте таңдаған мамандығымен қатар Arts, Humanities, Social Sciences және STEM салаларын да қосымша қамтиды. Бұл жалпы біліктілікті арттырып қана қоймай, жұмысқа тұруда да бәсекелестік артықшылық береді»,– деді биылғы жылғы түлектер қатарындағы зияткер. 

Шынымды айтсам бұл жерге түскеніме әлі сене алар емеспін. Жарты жылдан соң АҚШ-та оқитыным бір жағынан қорқытарлық ой, дегенмен оған да дайынмын. Мектептің берген біліміне, мұғалімдерге алғысым шексіз,- деп ағынан жарылды Ильяс, Зияткерлік мектептің бетке ұстар оқушыларының бірі, өзін-өзі басқару ұйымының 2023 жылғы премьер-министрі, көптеген ірі шаралардың басында тұрған мектеп көшбасшысы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл