474.9
555.3
6.24
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматының Наурызбай ауданында мыңдаған тұрғынға пәтер мен көмек берілді
Жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында мыңдаған тұрғынға пәтер мен көмек берілді

13.04.2026
мин
1
180
Сурет: gov.kz

Алматының Наурызбай ауданында әлеуметтік осал топтағыларға 5,5 мыңнан астам пәтер беріліп, 3 мың адамға АӘК көрсетілді. Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты.

Наурызбай ауданы халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмысты күшейтіп жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Назира Тоғызбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Соңғы бес жылда Алматы әкімдігі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 5,5 мыңнан астам пәтер берген. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен басқа санаттағылар да бар.

Жыл басынан бері 3 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетіліп, жалпы көлемі 71,7 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, шамамен 1 200 мұқтаж азаматқа 61 млн теңгеден астам қосымша көмек беріпті. 

«Aleumet» порталы арқылы 1 500-ге жуық адамға 329 млн теңге көлемінде оңалту құралы берілді. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қымбат техникалық құралдарды сатып алуға да қаражат бөлінген.

Ауданда «Белсенді ұзақ өмір сүру», «TenQogam» мен «Отбасын қолдау орталығы» сияқты қолдау орталықтары да жұмыс істейді. Мұнда тұрғындар әлеуметтік, білім беру мен кеңес беру қызметін ала алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Г
Гулжанат 13.04.2026
Менің отбасыма да беріңіздерші жалғыз басты көп баланы анамын инвалид балам бар
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл