Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қабылданған заң аясында мемлекеттік наградалары туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. "Алтын алқа" және "Күміс алқа" тек Қазақстан азаматтарына беріледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекеттік наградалар тізбесінен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы ұғымы алынып тасталып, ел мүддесін қорғауда көрсеткен ерлігі, батырлығы, қаһармандығы үшін және адам өмірін сақтап қалуға байланысты жағдайларда қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапаттау мүмкіндігін заңнамалық тұрғыдан бекітеді. Сондай-ақ "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған аналарға Қазақстан Республикасының азаматтығының болуы туралы талап белгіленді.
Айта кетейік, ордендер мен медальдарды, төсбелгілер мен оларға арналған құжаттарды толығымен немесе сыртқы түрі не атауын мемлекеттік наградаларға ұқсас етіп белгілеуге және дайындауға тыйым салынады.