| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл елімізде «Алтын белгі» төсбелгісін дайындауға 231,3 миллион теңге қарастырылды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда қаржы көлемі мен марапатталушылар санының өскенін көрсетеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы 8 мыңнан астам оқушыға арналған «Алтын белгі» төсбелгісін шығару жоспарланған. Тапсырысты орындау «Монета сарайына» жүктеліп, жұмыс мамыр айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Бір төсбелгінің құны 27 695 теңге болып бекітілген. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары айтарлықтай өскен. 2023 жылы оның бағасы 16 520 теңге болған еді.
Сонымен қатар, «Алтын белгі» иегерлерінің саны да жыл сайын артып келеді. Өткен жылы 5 500 оқушы марапатталса, биыл бұл көрсеткіш 8 мыңнан асып отыр.