Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Наурыз мейрамының басы - Көрісу күні. Кей жерлерде «амал» аталатын мейрам Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе өңірлерінде тойланады. Бұл күні бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысады. Ал оның шығу тарихы жайлы Dauletten.kz зерттеп көрді.
Тарихи деректерге сүйенсек, 1918 жылы 31 қаңтарда Юлиан күнтізбесі Григориан күнтізбесіне ауыстырылып, күндер 13 күн алға жылжыған. Сөйтіп, бұрынғы күнтізбе бойынша 1 наурыз 14 наурыз болып шыға келген.
Мерекенің «Амал» аталу себебі, парсы тіліндегі наурыз айының ескі атауы «Хамал» сөзімен байланысты.
Көрісу дәстүрі кезінде еліміздің көп жерлерінде тойланып, бертін келе отаршыл саясат әсерінен ұмытылып қалған. Бірақ, ол Батыста ғана емес, Ресейдің Астрахань, Саратов, Самара, Орынбор, Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған жерлерінде де аталып өтіледі.
Олай болса, бір жасыңыз құтты болсын!
Фото: Ernur.kz