Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотында Бейнеу ауылының әкіміне қатысты әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сот анықтағандай, ауыл әкімі үй салуға арналған жер телімін өзінің анасының атына рәсімдеу туралы шешім шығарған. Жер учаскесі Бейнеу ауылының аумағында орналасқан.
Тергеу барысында лауазымды тұлғаның қызметтік міндеттерін атқару кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға қажетті шараларды қабылдамағаны белгілі болды. Сондай-ақ ол жақын туысына қатысты шешім қабылдау кезінде тікелей басшылығын мүдделер қақтығысы туралы хабардар етпеген.
– Бейнеу ауылы әкімінің кінәсі оның өз түсіндірмесімен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, алдын алу бөлімінің қызметкері ұсынған рапортпен және іс материалдарымен дәлелденді, – делінген сот хабарламасында.
Сот отырысында әкім кінәсін мойындап, отбасылық жағдайын ескере отырып, айыппұл көлемін азайтуды сұраған.
Нәтижесінде, сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша кінәлі деп танып, 393 200 теңге көлемінде айыппұл салды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.