Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мəдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арасында меморандумға қол қойылды.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Əділ Мұхамеджанов ҚР Үкіметінің 2014 жылы 23 қыркүйектегі N-1003 қаулысымен бекітілген ереже негізінде әрекет ете отырып, 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру аясында меморандумға қол қойды.
Келісім бойынша мемлекет тарапынан ұсынылған «Нұрлы жер» жобасы аясында азаматтар сатып алу құқығымен жалдамалы пәтер ала алады.
Мəдениет жəне спорт министрлігі қажетті тізімді дайындау үшін ведомство мен бағынысты мекемелердегі мамандарды іріктеп, арнайы тізім жасайды.
Келісімшарт негізінде азаматтарды сатып алу құқығы бар жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ететін болады.