Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Көкшетаудың әкімі болып Ануар Кумпекеев тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Осы тағайындауға дейін ол Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. Бұған дейін "Транстелеком" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеп, әр жылдары Павлодар және Степногорск қалаларының әкімі болған.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ануар Кумпекеевтің мол кәсіби қасиеттерге және ұйымдастырушылық қабілеттерге ие тәжірибелі басшы екенін атап өтті. Марат Ахметжанов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автокөлік жолдары және құрылыс салаларындағы мәселелерді шешуде белсенді жұмыс қажет екенін ерекше айтты. Бүгінгі таңда қала әкімінің бірінші кезектегі міндеттері – жылыту маусымын өткізу және қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
Өңір басшысы энергия тапшылығы мәселесін шешу және қаланы электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін жоспарланған жобаларды уақытылы жүзеге асыруды, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы мен сатып алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.