Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысында полицейлер мен еріктілер 30 сәуірден бері үйінен шығып, қайта оралмаған алты жастағы баланы іздестіруде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, баланың жоғалғаны жөнінде Қорғалжын аудандық полиция бөліміне 30 сәуір күні шағым түскен. Анасы оның кешкі сағат 19:00 шамасында үйден шыққанын, содан бері қайтып келмегенін айтқан.
- Алдын ала деректер бойынша, бала жоғалған күні Нұра өзенінің маңында көрінген, содан кейін оны ешкім көрмеген, – деді полиция өкілдері.
Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер және жергілікті тұрғындар тартылған.
Бала арық денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Үстінде қызғылт сары жемпір, қара шалбар және қоңыр түсті кроссовка болған.
Ақмола облыстық ПД өкілдері:
- Жандәулетті көрген не ол туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтардан 102 нөміріне немесе жақын жердегі полиция бөліміне дереу хабар беруін сұраймыз, – деді.
Баланы іздеу жұмыстары әлі жалғасуда.