| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысында бөгет жарылып, жедел жұмыстар басталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қорғалжын ауданындағы «Шоптықөл» бөгеті бұзылып, мамандар су тасқынының алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр.
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан «Шоптықөл» бөгеті жарылды. Нысан Сабынды ауылынан шамамен екі шақырым солтүстік бағытта орналасқан.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жағдайды тұрақтандыру үшін жедел жұмыстар жүргізілуде. Мамандар суды қауіпсіз аймаққа бағыттау арқылы ықтимал қауіптің алдын алуға тырысуда.
Апат салдарын жоюға барлығы 170 адам мен 43 техника бірлігі жұмылдырылған. Құзырлы қызмет өкілдері жағдайды бақылауда ұстап, қажетті шараларды қабылдауда.