Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақмола облысында ер адам әйелінің өмірін тозаққа айналдырды
Жаңалықтар

Ақмола облысында ер адам әйелінің өмірін тозаққа айналдырды

03.04.2025
1 мин
0
65
Сурет: видеодан алынған кадр

Ақмола облысының полициясы күйеуінің қудалауынан зардап шеккен әйелдің шағымы негізінде тергеу бастады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Ақмола облысында бір әйел күйеуінен жасырынып, басқа қалаға көшуге мәжбүр болды. Алайда, оның айтуынша, Көкшетаудан кеткеніне қарамастан, ер адам оны аңдып, қорқытып келген. НеМолчи қорының мәліметінше, күдікті әйеліне және оның жақындарына қоқан-лоқы көрсетіп, бір хатында оны өлтіріп, денесін бөлшектейтінін жазған.

Қордың ақпаратына сүйенсек, жақында ер адам әйелінің ата-анасына тиесілі көліктің дөңгелектерін тесіп, нөмірлерін жұлып тастап, көлік пен пәтер есіктеріне әдепсіз суреттер қалдырған.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода жәбірленуші күйеуінің бірнеше ай бойы қудалап жүргенін мәлімдеген.

- 5 желтоқсанда көлікпен есіктерге зақым келтірді, 5 қаңтарда терезелерді сындырды, 9 ақпанда пышақпен қорқытты, ал 22 және 28 наурызда тағы да әдепсіз суреттер салып, бейнебақылау камераларын бұзуға тырысты, – дейді әйел видеода.

Полицияның жауабы

Ақмола облысының Полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 115-бабы 1-бөлігі (“Қорқыту”) бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

- Қазір күдіктіні ұстау және оны ішкі істер органдарына жеткізу бойынша шаралар қолға алынған. Сонымен қатар, жәбірленушінің бұрынғы барлық арызы тіркеліп, олар бойынша тексеру жүргізілуде, – деді ведомство өкілі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл