Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақмола облысында тасқын салдарынан бір ауыл су астында қалып, көлік қатынасы үзілді
Жаңалықтар

Ақмола облысында тасқын салдарынан бір ауыл су астында қалып, көлік қатынасы үзілді

07.04.2025
1 мин
0
250
Сурет: ТЖМ

Ақмола облысында тасқын салдарынан бір ауыл су астында қалып, көлік қатынасы үзілді. Қазір өңірде су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Астрахан ауданында Қалқұтан өзенінің тасуы салдарынан Старый Колутон ауылына қатынау мүмкін болмай қалған. 

Министрліктің мәліметінше, құтқарушылар оқшауланған ауылда шұғыл жұмыстарды жалғастырып жатыр.

- Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өткен тәулікте моторлы қайықтардың көмегімен 21 адам, соның ішінде бір жүкті әйел қауіпсіз жерге жеткізілді. Су басу қаупін азайту мақсатында 1000-нан аса қап инертті материал төселіп, 300 текше метр су сорылды. Сонымен қатар 21 ірі қара мен 100-ге жуық қошқар қауіпсіз жерге көшірілді, – деп мәлімдеді министрлік.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов оқиға орнына барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Құтқару жұмыстарына ТЖМ-нің 70-тен аса қызметкері, 20 арнайы техника, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер жұмылдырылған.

Министрліктің мәлімдеуінше, жағдай толық бақылауда, құтқару және қорғаныс жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл