491.29
562.92
6.1
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақмола облысында жүк пойызы 11 жылқыны қағып кетті
Жаңалықтар

Ақмола облысында жүк пойызы 11 жылқыны қағып кетті

12.03.2026
мин
0
95

Көлік полицейлері теміржол бойында мал жаю қағидаларын бұзған азаматты анықтады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінде пойызды шұғыл тежеудің 234 фактісі тіркелген, оның ішінде 61-і теміржол бойында адамдардың, 167-сі үй жануарларының болуымен байланысты және басқа да себептер бар.

Осындай оқиғалардың бірі 11 наурыз күні таңертең Ақмола облысындағы Торғай – Селеты аралығында болды. Ерейментау – Алтынтау бағытымен келе жатқан жүк пойызының машинисі теміржолда жүрген үй жануарларын көріп, пойызды шұғыл тежеуге мәжбүр болған. Алайда соқтығыстың алдын алу мүмкін болмай, пойыз 11 жылқыны қағып кетті.
Жоспарланбаған пойыз тұрағы 23 минутты құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік полицейлері Ақмола облысындағы шаруа қожалықтарының бірінің 35 жастағы мал бағушысын анықтады. Ер адам темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Шұғыл тежеу жолаушылар мен пойыз бригадалары мүшелерінің өмірі мен денсаулығына орны толмас зиян келтіріп, темір жол көлігі қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.
Осыған байланысты көлік полицейлері үй жануарлары иелерінің теміржолдың бөлінген жолағында мал жаюға жол бермеуі және оларды қараусыз қалдырмауы тиіс екенін тағы да ескертеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл