Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақмолада өткен кездесу: білім саласындағы жаңа бастамалар мен реформалар талқыланды
Жаңалықтар

Ақмолада өткен кездесу: білім саласындағы жаңа бастамалар мен реформалар талқыланды

24.10.2025
мин
0
165
Сурет: gov.kz

Ақмола облысына сапар барысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жергілікті ұстаздармен, мектеп басшыларымен және ардагер педагогтармен кездесті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Кездесудің басты мақсаты – білім саласындағы реформаларды талқылап, қоғам мен ұстаздар пікірін ескеру болды. Министр Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан білім беру бағыттарындағы өзгерістер мен алдағы жоспарларға тоқталды.

– Оқу-ағарту министрі ретінде, халықпен кездесуімді Арқадағы киелі Ақмола облысынан бастап отырмын. Бұл кездесу – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидатын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Халықпен ашық әрі сындарлы диалог орнату – мемлекет саясатының өзегі, ал білім саласындағы әрбір шешім қоғамның сұранысы мен ұстаздар қауымының пікіріне сүйенуі тиіс, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр өз сөзінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, педагог мәртебесін арттыру, ауыл мектептерін дамыту және инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Биыл елімізде 362 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында «Ұстаз» ұлттық даму платформасы, сондай-ақ «AI-Ustaz» және «AI-Kitap» сияқты цифрлық жобалар іске қосылғаны атап өтілді.

Жиын соңында министр өңірдегі білім беру ұйымдарының басшыларына оқу сапасын арттыру, әдістемелік жұмысты күшейту және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл