Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақмоладағы даулы жер сатылымы: азаматтар әділдік іздеп парламентке жүгінді
Жаңалықтар

Ақмоладағы даулы жер сатылымы: азаматтар әділдік іздеп парламентке жүгінді

01.12.2025
мин
0
231
Сурет: Егемен Қазақстан

Қостомардағы жер тартысы ушығып, тұрғындар Мәжілістен араша сұрады, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Ақмола облысының Қостомар ауылында жер дауы ұзақ жылдардан бері шешімін таппай келеді. 

75 тұрғын Мәжіліс депутаттарына үндеу жасап, жер телімдерінің заңсыз сатылғанын және кейін мемлекеттік органдар тарапынан әділетсіз тергеу жүргізілгенін айтып, әділдік сұрады.

Тұрғындардың айтуынша, 2003 жылдан бастап «РКЦУК» қоғамдық ұйымы Ақмола облысынан 50 гектар жер сұрап, 2008 жылы аудандық жер комиссиясының шешімімен 25,76 гектар жер телімі берілген. Кейін бұл учаскелер 2010–2013 жылдары ұйым атынан 247 азаматқа коттедж қалашығын салу үшін сатылған.

Үндеу авторларының бірі Ахметжан Бакримұлы Шардинов:

- Біз барлық құжаттарды көріп, мемлекет бекіткен актілерге сүйене отырып, өз қаражатымызды салдық. Бірақ 2013 жылы Аршалы аудандық прокуратура мәмілелерді заңсыз деп танып, сот жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды. Сол кезден бері әділдік іздеп, барлығының есігін қақтық, бірақ нәтиже жоқ — дейді Шардинов.

Тұрғындар әділ шешім қабылдануын, жер телімдерінің заңды иелеріне қайтарылуын сұрап отыр.

Олар үндеулерінде мемлекеттік органдардың тергеу барысында әділдік қағидаларын сақтамағанын айтып, мәселені шешуге депутаттардың араласуын талап етті.

Бұл дау 13 жылдан астам уақыттан бері созылып келеді, ал жергілікті тұрғындар өз құқығын қалпына келтіруді үміт етіп отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл