Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақордада біраз ауыс-түйіс болды. Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар лауазымды тұлға қызметтерінен босатылды. Олардың орнына бірқатар адам жаңа лауазымдарға ие болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қызметтен босатылғандар:
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды.
Тамара Дүйсенова 1965 жылы дүниеге келген.
1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1988 жылы Шымкент облысы Сарыағаш қаласы Ильич атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастады.
1988-1992 жылдары – Өзбек КСР Мемжоспар жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының экономисі;
1992-1993 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі.
1993-1994 жылдары – «Перизат-Холдинг» компаниясының бөлім басшысы;
1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігі басшысының кеңесшісі;
1994-1997 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
1997-1999 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары;
1999-2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
2006-2008 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2008 жылдан 2022 жылға дейін бірқатар маңызды қызметті атқарған.
2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
2023 жылдың маусымынан қыркүйегіне дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
2023-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
2025 жылғы 14 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды. Айта кетейік, өнеркәсіп министрлігіндегі лауазымынан кейін ол президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалған еді.
Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды. Ол 1979 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілендіру магистрі. Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Авторлық құқықтар жөніндегі комитеттің жетекші маманы болып бастаған.
Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Білімі:
1988 ж. – Қазақ ауыл шаруашылығы институты;
1999 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы;
2006 ж. – Экономика және құқық академиясы.
Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1988-1992 жж аралығында Қазақ ауыл шаруашылығы институтының «Электр және жылу энергиясын ауыл шаруашылығында қолдану» кафедрасында лаборант, ассистент, аға оқытушы болып бастаған.
Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымынан босатылды. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғалым. 1967 жылы 2 шілдеде туған. Биология ғылымдарының докторы, профессор. Әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды. Ол 1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірген. 2023 жылғы 4 қаңтар мен 1 қыркүйек аралығында Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі болған.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Ол 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
Соынмен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.