Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақпан айында жанар-жағармай және газ бағасы қымбаттайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетінін мәлімдеді.
– Мұнай өнімдері бағасының өсіміне келсек, Президент жанындағы энергетикалық кеңесте тиісті шешім қабылданды. Бұл жанар-жағармай бағасын либерализациялауға қатысты. Сұйытылған мұнай газының бағасы кезең-кезеңмен біртіндеп өсетін болады. Тауар газы бойынша бағаның өсіміне қатысты белгілі бір индикаторлар бар. Үкімет бағаны бақылау бойынша нормативтік және әкімшілік шараларды сақтап қалады. Яғни, бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының күрт өсуіне жол берілмейді. Осы жылдың ақпан айында мұнай өнімдері бағасының кезең-кезеңімен өсуі күтіліп отыр. Сондай-ақ, сұйытылған газдың бағасы да жақын арада өседі деп болжанып отыр. Ал тауарлық газдың бағасы биылғы жазда өседі, - деді Алмасадам Сәтқалиев.