Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
АҚШ-тың Көші-қон және кедендік бақылау қызметі (ICE) жариялаған есепке сәйкес, 1 445 549 адам депортациялануы тиіс. Олардың ішінде 369-ы – Қазақстан азаматтары, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елден шығарылу қаупі ең көп төнген мигранттар – Гватемала (253 413), Гондурас (261 651), Мексика (252 044) және Сальвадор (203 822) азаматтары.
Тізімде сонымен қатар Қытай (37 908) мен Орталық Азия елдерінің азаматтары да бар, оның ішінде Өзбекстан (975), Қырғызстан (319), Тәжікстан (149) және Түрікменстан (40) азаматтары көрсетілген.
Бұл адамдар қамауда емес, бірақ оларды депортациялау туралы түпкілікті шешімдер қабылданған.
Қазір АҚШ-та міндетті емес консулдық есепте шамамен 25 мың қазақстандық тұр.