Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оқиға Миннесота штатының Сент-Пол қаласында 16 ақпан күні болған.
"Осы жылдың 16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан азаматы белгісіз жағдайда қаза болды. Жергілікті полиция берген ақпаратқа сәйкес, отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан көз жұмған", - делінген хабарламада.
Полиция аталған факті бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде. Күдікті деп танылған азамат ұсталды.
Қазақстанның Америкадағы елшісі марқұмның туыстарымен байланыс ұстауда.