Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденге агрессивті қатерлі ісігі диагнозы қойылды
Жаңалықтар

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденге агрессивті қатерлі ісігі диагнозы қойылды

19.05.2025
1 мин
0
44

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденге қуықасты безінің агрессивті қатерлі ісігі диагнозы қойылды, әрі метастаздар сүйекке дейін тарап үлгерген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- Дерттің түрі агрессивті болғанымен, емдеуге мүмкіндік бар. Президент пен отбасы дәрігерлерімен ақылдасып, емдеу жолдарын қарастыруда, – делінген кеңсе таратқан хабарламада.

Қатерлі ісікке қатысты мамандар Байденнің жағдайы күрделі екенін айтады: ісік сүйекке жайылғанда емдеу қиынға соғады. Дегенмен, Дьюк университетінің қуықасты безі обыры жөніндегі сарапшысы доктор Джадд Моулдың сөзіне қарағанда, мұндай диагноз қойылған ер адамдар бес, жеті, тіпті он жылдан астам өмір сүре алады.

Еске сала кетейік, 82 жастағы Джо Байден 2020–2024 жылдары АҚШ президенті қызметін атқарды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл