Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақсудың ферроқорытпа зауыты мемлекетке 854,9 миллион теңге айыппұл төледі
Жаңалықтар

Ақсудың ферроқорытпа зауыты мемлекетке 854,9 миллион теңге айыппұл төледі

13.06.2025
1 мин
0
226
Сурет: metalminiginfo.kz

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін “Қазхром” ТҰК” АҚ-ына 854 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Аталған компания құрамындағы Ақсу ферроқорытпа зауыты атмосфераны ластағаны үшін осы соманы мемлекетке өтеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

ERG (Eurasian Resources Group) бақылауындағы бұл зауытта тексерісті Павлодар облыстық экология департаменті табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп жүргізген.

Тексеру нәтижесінде белгілі болғандай, 2025 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейінгі аралықта зауыт атмосфераға рұқсат етілген нормадан 663,67 тоннаға артық зиянды заттар шығарған. Бұл дерек өндірістік экологиялық бақылау есептері мен 870-нысан бойынша тапсырылған салық декларацияларымен расталған.

Анықталған құқық бұзушылық ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігіне (Қоршаған ортаға рұқсат етілген антропогендік жүктеме нормаларын бұзу) сәйкес бағаланып, айыппұл толық көлемде мемлекеттік бюджетке төленді.

Айта кетейік, Ақсу ферроқорытпа зауыты – “Қазхром” құрамындағы филиалдардың бірі. Ал “Қазхром” – Қазақстанның тау-кен металлургия секторындағы ірі кәсіпорындарды біріктіретін ERG құрылымына кіреді. 2024 жылы “Қазхромның” жарияланған жалпы табысы шамамен 225 миллиард теңгеге жеткен.

ERG-нің негізгі акционерлері қатарында Патох Шодиев, Шухрат Ибрагимов және Александр Машкевичтің мұрагерлері бар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл