Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтауда елдің көзінше әйелді аяусыз ұрып-соққан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Ақтау қаласының полициясы қылмысты жасаған күдіктіні анықтады. Прокуратураның шешімімен күдікті Ақтау қаласының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қыздың ерні жыртылып, көзі ісіп, денесі көгеріп, өлім аузынан қалған. Құрбыларының айтуынша, жігіт бірнеше айдан бері қыздың ізінен қалмайды, аңдиды. Жәбірленуші талай арыз жазғанымен, полиция ешқандай шара қолданбайды, себебі ол жігіттің органдарда жұмыс істейтін досы бар екен. Жәбірленуші қыздың құрбыларына шығып та қорқытқан, - деп жазылған әлеуметтік желідегі хабарламада.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде ер адамның қызды аяусыз ұрған видео тараған болатын. Желідегі мәліметтерге сүйенсек, оқиға Ақтаудағы бір дәмхана алдында орын алған. Видео кадрларында ер адам қызға қол көтеріп, оны жерге құлатқаны байқалады. Оқиға куәгерлері қызға араша түскенмен, ер адам оны алып кеткен.