Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтауда қатты дауыл салдарынан тұрғын үйлердің құрылыс материалдары мен бірнеше аялдаманың шатыры ұшты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақтаудағы күшті жел қаланың бірқатар бөлігін жарықсыз қалдырды. Ақтау электр желілері станциясының мәліметі бойынша, жарықтың өшуі МАЭК кәсіпорнының желісіндегі ақаудан болды. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Желдің салдарынан тұрғын үйлердің құрылыс материалдары ұшып, бірнеше аялдаманың шатыры зақымданды. Осы жағдайлар адамдардың өміріне қауіп төндіріп, Маңғыстау облыстық ауруханасына үш адам түрлі жарақаттармен жеткізілді.
Аурухана қабылдау бөлімінің "Жарақат пунктіне" жедел жәрдем көмегімен 2 науқас және өздігінен 1 науқас жеткізілді. Олардың екеуі 1 шағынауданда аялдаманың құлауы салдарынан зардап шеккен. Тағы бір тұрғын әскери бөлімнен келді. Оларды бейінді дәрігерлер қарап, қосымша зерттеу жүргізілуде. Жағдайлары орташа ауыр, - делінген хабарламада.
5 қараша күні сағат 11.29-де күшті желдің салдарынан "МАЭК" ЖШС электр станциясы шиналарынан шығатын жеті кернеуі 110 кВ электр беру желілері және кернеуі 35 кВ үш электр беру желілерінде ажырау орын алды. Сағат 11.41-де олардың біреуі қосылды. Сағат 11.48–де екіншісі, сағат 12.02-де қалған барлық желілер қосылып, "МАЭК" ЖШС тарапынан электрмен жабдықтау режимі толығымен қалпына келтірілді.