Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбе облысында балабақшалардан 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Мұғалжар ауданы прокуратурасының мәліметінше, мектепке дейінгі мекемелерде қаржының заңсыз иемденілуіне жол берген бухгалтерлер әрекеті әшкереленген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- “Балауса”, “Гүлдер”, “Шапағат” және “Арай” балабақшаларының бухгалтерлері басшылардың атынан құжаттарға қол қойып, қаражатты өз есепшоттарына заңсыз аударған. Бұл фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабының 2 және 4-бөліктері (“Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу”) бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, – деп хабарлады прокуратура.
Тергеу нәтижесінде “Шапағат” және “Арай” балабақшаларының бухгалтерлері 5 миллион теңгеден астам шығынды өтегендіктен, оларға қатысты қылмыстық істер тоқтатылды. Ал “Балауса” және “Гүлдер” балабақшаларының бухгалтері 49 миллион теңгені заңсыз иемденгені үшін сот үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.