| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
25 қаңтар күні Ақтөбе–Орынбор тасжолында қайғылы жол-көлік оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алдын ала деректерге қарағанда, Ақтөбедегі қалаішінен Мәртөк ауылына бағыт алған Honda Odyssey жүргізушісі қарсы жол жолағына шығып кетіп, Hyundai Solaris көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Honda Odyssey қарсы бағыттағы ВАЗ-2110 көлігін соғып, жағдай ушыққан.
Апат салдарынан ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Honda Odyssey пен ВАЗ-2110 көлігіндегі тағы екі адам әртүрлі жарақаттар алып, дәрігерлер көмегіне жүгінді.
Қазіргі уақытта Honda Odyssey жүргізушісі Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.