Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақтөбе облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті
Оған Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің басшылары мен қала әкімі қатысты. Ал 12 ауданның әкімдері бейне байланыс арқылы онлайн қосылды.
Отырыста ауа райының қолайсыздығынан туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.
«Қазіргі уақытта облыс аумағында қолайсыз ауа райы әлі де сақталуда. Жиын қорытындысы бойынша бүгінгі күні күрделі жағдай байқалып отырған Хромтау және Әйтеке би аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Екі ауданның әкімдіктері тиісті құжаттарды әзірлеп, жария ету тиіс», - делінген әкімдік хабарламасында.