Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбеде танысын өлтіріп, денесін бөлшектеп, басы мен ішкі ағзаларын тоңазытқышта сақтаған екі адамға қатысты сот үкімі жарияланды. Адам өлтіргені үшін сотталушылардың бірі 11 жылға, ал қылмысты жасырғаны үшін екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қатыгездікпен жасалған қылмысқа қатысты сот процесі жылдам аяқталған. Екі апта бұрын сотталушылар алқа билердің үкіміне жүгінуге ниетті екенін білдірген еді. Сол уақыт аралығында алқа билер іріктеліп, сотталушылардан жауап алу өткен.
- Сот басталмай жатып, сотталғандардың бірінің анасы баласынан бас тартқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, ұлы бұрын да осындай жауыздыққа барған, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, қанды оқиға өткен күзде Хромтау қаласында болған. Сотталушылар марқұммен бірге спирттік ішімдік ішкеннен кейін оны пышақтап өлтірген. Кейін денені кескілеп, қала сыртындағы кен орнына лақтырған. Ал марқұмның басы мен ішкі құрылысын тоңазтқышқа сақтап қойған. Телеарна мәліметінше, бәрі бұрын істі болып, түрмеге отырып шыққандар екен.