Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақпарат бойынша, 19 ақпанда белгісіз екі адам 22 жастағы студентті қорқыту арқылы одан қолма-қол ақша мен жеке мүлкін талап еткен. Жәбірленуші олардан қашып, жақын маңдағы дүкенге кіріп үлгерген. Алайда олар дүкенге кіріп, жәбірленушіні ұрып-соғып, өздерімен бірге алып кетуге тырысқан.
Полицейлер жүргізілген жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде күдікті 18 және 19 жастағы екі жігіт анықталып, ұсталды. Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Айта кетсек, бұл қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.