Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбеде бұрынғы әйелі мен балаларын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полицияның жедел әрекеті нәтижесінде ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оқиға Ақтөбе қаласында орын алған. Алкогольдік мас күйінде үйіне келген ер адам бұрынғы әйелімен жанжалдасып, көшеде кәмелетке толмаған ұлдарына қол жұмсаған. Балаларын қауіпсіз жерге алып кетпек болған анасын қуып жетіп, әдейі бірнеше рет соққы жасаған.
Бұл дерек бойынша Ақтөбе қаласының полициясы Қылмыстық кодекстің 109-1-бабымен іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізілді.
2024 жылғы 21 қарашада сот үкімі шықты. Екі немесе одан да көп адамды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды ұрып-соғу қылмысы үшін ер адам 45 тәулікке қамаққа алынды. Сонымен қатар, сотталушыға алкоголь мен есірткі қолдануға тыйым салынып, ішкі істер органдарына айына үш рет келіп тұру міндеттелді. Оған жәбірленушімен бір жыл бойы кез келген байланыс жасауға тыйым салынды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, 15 сәуірде мемлекет басшысы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыратын заңға қол қойған болатын.