Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізген әйел шұңқырға түсіп кетті. Бірнеше үй газсыз қалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мас күйінде көлік жүргізген 39 жастағы әйел шұңқырға түсіп кетіп, құбырды зақымдады. Салдарынан 8 тұрғын үй кешені газсыз қалды.
Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша ПД баспасөз қызметі мәлім етті.
Жүргізуші әйел мас болған. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол зардап шекпеді. Қазіргі кезде хаттама толтырылып, іс шешім шығару үшін әкімшілік сотқа жіберілді, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.