Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мүгедектігі бар балалардың үйде оқыту шығындарын өтеу тәртібі жаңартылады
Жаңалықтар

Мүгедектігі бар балалардың үйде оқыту шығындарын өтеу тәртібі жаңартылады

17.11.2025
мин
1
736
Сурет: Depositphotos

Енді мүгедектігі бар балалардың үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу қызметі проактивті түрде көрсетіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Министрлік мәліметінше, енгізілетін жаңалықтар бірыңғай деректер форматын қалыптастыруға, қағазбастылықты азайтуға, қызмет көрсетудің ашықтығын арттыруға және оны проактивті форматқа көшіруге мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасына сәйкес өзгерістер келесі құжаттарға енгізіледі:

    •    «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы;

    •    «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» нысанын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығы.

Жоба 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Бұған дейін мүгедектікті белгілеуге қатысты 89 мыңнан астам өтінім сырттай қаралғаны хабарланған еді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айгерим 18.11.2025
2160тг тусти сентябрь азайып тастаган оте аз казир бари кымбат.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл