| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2026 жылдан бастап Қазақстанда салық төлеудің жаңа дәстүрі қалыптасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді.
Бұл реформа салық есептілігін жеңілдетіп, жүйені түсінікті әрі ашық етеді. Әсіресе шағын кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға үлкен мүмкіндік туғызады.
Негізгі өзгерістер:
- Салық есептілігінің көлемі азаяды, кәсіпкерлердің уақытын үнемдейді;
- Салық түрлері қысқарып, жүйе қарапайым әрі айқын болады;
- Арнайы режимдер үшке бөлінді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, қарапайым декларация, шаруашылық;
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жеке табыс салығы жойылып, тек 4% әлеуметтік төлем қалады.
Сарапшылардың айтуынша, жаңа Кодекстің басты мақсаты – салықты түсінікті әрі ыңғайлы ету.
Сонымен қатар, бұл өзгертулер ресми тіркелмей, жеке жұмыспен айналысып жүрген адамдарға да тиімді. Қазіргі таңда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың көбісі тіркелмеген. Жаңа жүйе оларға экономикалық айналымға ашық жол ашады.
- Табыс салығын алып тастау арқылы мемлекет адамдарды салықтан қашпауға шақырып отыр, – дейді қаржыгер Батырхан Демесінов.
Кімге тиімді?
- Фрилансерлер, репетиторлар, қолөнершілер, үй шаруасымен айналысатын азаматтар;
- Шағын кәсіп иелері: есептілік азайып, ауыртпалық жеңілдейді;
- Мемлекет: көлеңкелі экономика қысқарады, ашық жұмыс жасауға ынталандырады.
Жаңа кодекс кәсіпкерлерге жеңілдік беріп, экономикалық белсенділікті арттырады.
2026 жылдан бастап салық төлеудің жаңа дәстүрі қалыптасып, елде ашық әрі тиімді жүйе орнайды. Бұл қадам әрбір азаматтың өз ісін заңды түрде жүргізуіне жол ашады.