Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында бой көтерді.
Жаңа амбулатория ауысымына 45 келушіге есептелген және барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта пациенттерді қабылдауға арналған кабинеттер, емдеу және қарау бөлмелері қарастырылған, бұл тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, нысанның құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 190 млн теңге бөлінді. Жұмыс Президент бастамашылық еткен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілді.