Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ержан Мұздыбаев Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, облыста бұл басқарма біраз уақыт басшысыз болды.
2021 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарған Ержан Мұздыбаев енді облыстың құрылыс саласына жауапты.
«Ержан Мұздыбайұлы 1991 жылы дүниеге келген. Білімі — жоғары. 2012 жылы Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін, 2017, 2021 жылдары Қазақ-Орыс Халықаралық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының инспекторы болып бастаған. Аталған басқармада бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді», — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.