Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбеде көз жұмған әскери қызметшінің кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Ақтөбе облысында оқу-жаттығу кезінде болған авиациялық апат салдарынан Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы, 1988 жылы туған майор Батыр Оразымбетов қаза тапты, - делінген хабарламада.
Батыр Оразымбетов 2009 жылы Әуе қорғанысы күштері әскери институтын "Ұшақтар, тікұшақтар және авиациялық қозғалтқыштар" мамандығы бойынша тәмамдаған. Әскери қызметте түрлі лауазымдарда болып, Ми-8 тікұшағын басқаруда үлкен тәжірибе жинақтады, жалпы ұшу уақыты 500 сағаттан асады.
Офицер қызметінде жоғары кәсібилік пен адалдық танытып, биылғы көктемде су тасқынына қарсы іс-шараларға белсене қатысқан. Мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медальдармен марапатталған. Жеке өмірінде үйленген, артында екі баласы қалды.