| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбеде 25 жастағы ұлы анасының шотынан 10 миллион теңгесін заңсыз алып, сотпен 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақтөбеде 25 жастағы ер адам анасының инсульт алғанын пайдаланып, оның банктік қосымшасын өз нөміріне тіркеп, шоттағы 10 млн теңгеге қол жеткізген.
Сот процесінде күдікті кінәсін мойындамай, ақшаға анасы өз рұқсат бергенін айтқан. Алайда тергеу барысында анықталғандай, анасы ешқандай рұқсат бермеген және шоттағы қаражат әйелдің інісіне тиесілі болып шыққан.
Сот үкімі бойынша ер адам 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, жәбірленушіге келтірілген залалды өтеуге міндеттелді.