Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақтөбедегі авиажөндеу зауытында 110 млн теңге жымқырған директор сотқа жіберілді
Жаңалықтар

Ақтөбедегі авиажөндеу зауытында 110 млн теңге жымқырған директор сотқа жіберілді

04.12.2025
мин
0
101
Сурет: Aikyn.kz

Ақтөбеде 110 млн теңге жымқырды делінген басшы сот алдында жауап бермек, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Ақтөбе облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігі азаматтық авиацияға тиесілі №406 авиажөндеу зауытының бұрынғы басшысына қатысты тергеуді аяқтады.

Тергеу мәліметінше, ол ұшақтар мен тікұшақтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді жалған есептен шығару арқылы қаражат жымқыру схемасын ұйымдастырған.

МИ-2 және АН-2 әуе техникаларына арналған бөлшектер қағаз жүзінде орнатылғандай көрсетілгенімен, шын мәнінде қолданылмаған. Барлық актілер жалған рәсімделген, ал бөлшектер басшыға бағынышты фирмалар арқылы айналымнан «жоғалып отырған».

Мемлекетке келген шығын — 110 миллион теңге. Тергеу кезінде оның екі пәтері мен жер учаскесіне тыйым салынды.

Қылмыстық іс сот қарауына жолданды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл