489.39
567.99
6.19
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақтөбедегі автогаз станциясында жарылыс болды
Жаңалықтар

Ақтөбедегі автогаз станциясында жарылыс болды

03.03.2026
мин
0
93
Сурет: видеодан скриншот

Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясында өрт шығып, газ-ауа қоспасы жарылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай алдымен жер үстіндегі резервуарлардың бірінде газ-ауа қоспасының жарылуынан басталған. Күшті жарылыстан кейін жалын екінші цистернаға, маңайда тұрған газ тасымалдайтын автокөлікке және операторлық ғимаратқа тараған.

Құтқару бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндіруге кіріскен. Мамандар жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеді. Себебі кез келген сәтте қайталама жарылыс болуы және оттың өзге нысандарға таралу қаупі сақталған.

Өртті толық ауыздықтау үшін шамамен 60 қызметкер мен 16 арнайы техника жұмылдырылды. Жедел әрекеттің арқасында тілсіз жау толық сөндірілді.

Ресми мәлімет бойынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тиісті қызметтер өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл