Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақтөбедегі қоғамдық тамақтану орнында жарылыс болып, адамдар зардап шекті
Жаңалықтар

Ақтөбедегі қоғамдық тамақтану орнында жарылыс болып, адамдар зардап шекті

20.01.2026
мин
0
96
Сурет: видеодан скриншот

Ақтөбе облысында қоғамдық тамақтану нысанында болған жарылыс салдарынан бірнеше адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Оқиға 19 қаңтар күні кешкі уақытта Ақтөбе облысының Хромтау қаласында тіркелді. Жұбанова көшесінде орналасқан жеке тұрған қоғамдық тамақтану орнында газ құрылғысының жарылысы болғаны хабарланды.

Жарылыстың салдарынан ғимараттың бір бөлігі қирап, шамамен 80 шаршы метр аумақ зақымданған. Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері анықталып, тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, түрлі дәрежедегі күйік жарақаттарын алған бес адам Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, қалғандары травматология бөлімшесінде ем қабылдауда. Дәрігерлер науқастарға барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.

Жағдай құзырлы органдардың бақылауында.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл