Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іс-шараларға Қорғаныс министрлігінің 30238 бөлімінің әскери қызметшілері, 100 ерікті жан тартылып, 5 бірлік техника жұмылдырылды. Қажетті инертті материалдар бар. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, Ырғыз ауданына 100 күрек, 60 матрац, 50 етік, 40 айран, 1 қап жүгері, 3 қорап консерві, 10 қорап печенье, 10 мың қап, 1 қайық, 2 тақта, 2 генератор, 1 мотопомпа, 4 қап дәрі-дәрмек гуманитарлық көмек ретінде жіберілген. Бүгін, ҚР ІІМ Ми-171 (88) тікұшағымғен аудан орталығына 100 матрас және 10 мың қап жөнелтіліпті.
Аудан аумағында Торғай өзенінің су деңгейінің көтерілуі 11 сәуірден басталды. Облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес, Нұра, Мамыр және Белшер ауылдарының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген. Үш ауылдан 876 адам эвакуацияланған (Нұра - 655, Мамыр – 90, Белшер – 131 адам). Кейбірі туысқандарының, кейбірі №1, №2 және Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектептерге орналастырылған. Көшірілген азаматтардың жай-күйлері жақсы, барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген.
Айтып өткен жөн, күні кеше Мамыр және Нұра ауылдарында топырақ үйіндісінен жасалған қорғанысбөгеті шайылып, елді мекендерді су басқан. Екі ауылда да су кірген үйлердің саны бірдей, он-оннан.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев пен ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов Ырғыз ауданында су тасқынына қарсы күрес шараларының барысын, аумақтың су басу қаупін бақылауда.